Ақмола облысында мемлекеттік кірістер органдары 107 кәсіпкерді заңсыз жауапқа тартқан

Мұндай жағдайға тап болсаңыз, +77051291140 сенім телефонына хабарласуға болады. 

Ақмола облысында жүзден астам кәсіпкердің құқығы бұзылғаны анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік кірістер органдары ескіру мерзімдерінің өтуіне қарамастан 107 кәсіпкерді заңсыз жауапқа тартқан.

"Мемлекеттік кірістер органдарының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу бойынша (ӘҚБтК-нің 92–1-бабы) 107 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқаны анықталды. Прокуратураның жедел шаралары бойынша кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді. Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулылардың күші жойылып, жол берілген бұзушылықтар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Прокуратура жанынан құрылған кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейді. Егер заңсыз тексеріске, қызметіңізге араласуға немесе мемлекеттік органдар тарапынан қысымға тап болсаңыз, тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына +77051291140 хабарласуға болады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".