Ақпарат министрі Қазақстанды Ресей пропагандасынан қорғау жөнінде пікір білдірді

Министр ақпараттық кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізілетінін айтты.

Журналистер мәжіліс куларында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліден Қазақстанның ақпарат кеңістігін Ресей пропагандасынан қорғау шаралары, кей телеарналарды бұғаттау мәселесі туралы сұрады. 

"Ақпараттық қауіпсіздік – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Заң бұзушылық орын алған жағдайда азаматтардың шағымы мен соттың үкімі болса, біз оны орындаймыз. Қазір мониторинг жасап отырмыз. Жалпы бұған байланысты мәселелер Сыртқы істер министрлігінің құзыретінде. Біз өз бетімізше ондай шектеумен айналыспаймыз. Соттың шешімі болса, қарастырамыз", – деді министр.


Оқи отырыңыз: "Жақсы көретінімді жеткізіңізші". Интернет бұғатталғанда еріктілер адамдардың хабар алысуына қалай көмектесті?


Сонымен қатар журналистер министрден кей сайттардың бұғатталуы туралы сұрады. 

"Қазақстанға ақпараттық шабуылдар болып жатқанын мемлекет басшысы айтты. Осыдан бір-екі ай бұрын тіпті жиілеп кеткен болатын. Біз әруақытта журналистердің құқығын қорғауға дайынбыз. Ақпарат алуына, журналистік зерттеуін жүргізуіне. Ал сайттардың бұғатталу мәселесі Цифрлық даму министрлігінің құзыретінде. Ulysmedia сайтын арнайы кімдердің шабуыл жасап отырғанын, техникалық себептерін анықтау керек. Біз ол медианы әріптес ретінде қолдаймыз", – деді министр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".