Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Көлік министрлігі мәлімдеме жасады

Фото: smartnews.kz
Фото: smartnews.kz
Комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде пайда болған Ақтау маңындағы ұшақ апаты туралы түрлі нұсқаларға жауап берді.

Көлік министрлігі 2025 жылғы 16 қаңтарда жаңа мәлімдеме жасады.

"ҚР Көлік министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы Комиссиясының жұмысы жалғасып жатыр. Алдын ала есеп жарияланғанға дейін Комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".