Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза болған қазақстандықтар арасында Қазмұнайгаз мамандары бар

Компания марқұмдардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Кеше Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағында болған қазақстандықтардың арасында ҚазМұнайГаз компаниясының еншілес ұйымы мен мердігерінің қызметкерлері бар. 

Олар: 

  • Жұмагұлов Бауыржан Жұмабайұлы, "Өзенмұнайсервис" ЖШС жұмысшысы, 4-ші дәрежелі бұрғышының көмекшісі. Бауыржан компанияда 2018 жылдан бері еңбек еткен, өзін адал және білікті маман ретінде көрсетті. "Өзенмұнайсервис" ЖШС – ҚМГ-ның еншілес мекемесі. 
  • Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, "МұнайФилдСервис" ЖШС механикалық-энергетикалық бөлімнің инженері. Сәндібек салада 16 жыл еңбек еткен. "МұнайФилдСервис" ЖШС – "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның мердігер ұйымы.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымы Ақтау қаласындағы ұшақ апатынан қаза тапқан марқұмдардың отбасылары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтады "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында қаза болған жолаушылардың арасында біздің әріптестеріміз де бар екенін күйзеліспен хабарлаймыз", – делінген компанияның хабарламасында. 

Еске салайық, ҚР Төтенше жағдайлар министрліні қазақ болған қазақстандықтардың тізімін жариялады. 


Оқи отырыңыз: ТЖМ Ақтау маңындағы әуе апатында қаза болған Қазақстан азаматтарының тізімін жариялады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".