Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта оттегі баллоны жарылған ба? Көлік министрлігі мәлімет берді

Әуе апаты салдарынан 38 адам қаза болды.

Қазақстанның көлік министрлігі Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының оттегі баллоны жарылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

"Ростов ұшу жетекшісінен сағат 10:53-те түскен хабарламаға сәйкес, Ақтау мұнарасының ұшу жетекшісіне жолаушылар кабинасында оттегі баллоны жарылғаны және жолаушылардың есінен танып жатқаны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар қону сәтіне жедел жәрдем дайындау сұралды", – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Осы ақпарат негізінде барлық төтенше қызмет шұғыл түрде хабардар етіліп, дайындық жасалған.

"Оқиғалардың хронологиясы Ростов ұшу жетекшісінің хабарламаларына сүйене отырып, брифинг барысында жарияланды", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды. 38 адам қайтыс болды, 29 адам аман қалды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".