Ақтауда мектеп оқушысы Қажымұқан туралы комикс кітап шығарды

Кітап авторы N13 мектеп-гимназияның 10-сыныбында оқиды.

Ақтау қаласындағы N13 мектеп-гимназияда 10-сынып оқушысы Рамазан Сүгірбайдың Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы комикс кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлады mangystaumedia.kz

Іс-шараға Рамазанның ата-әжелері, ата-анасы мен мектеп ұстаздары, оқушылар қатысты.

Рамазанның айтуынша, комикс арқылы кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға болады. Расымен де, жастар кітап түріндегі және электронды нұсқадағы комикстерді ерекше ықыласпен қабылдаған. 

"Қазіргі жастар көп көлемді жазулы кітаптарды оқуға қызықпайды. Себебі, бұл – заман ерекшелігі, олардың зейіні тұрақсыздау. Тез жалығып кетеді. Сондықтан сурет, комикс арқылы қызықтыру қажет", – деді Рамазан Сүгірбай. 


Оқи отырыңыз: Қажымұқанның "Джамбия" қанжары Ұлттық музейге табысталды


 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".