Ақтөбе мектебінде 13 жастағы оқушы партаға соғылып, көз жұмды

Ақтөбедегі №27 мектепте қайғылы оқиға болды.

Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім мектепте қайтыс болды. Оқиға №27 мектепте болды: оқушы шалынып құлап, партаның бұрышына соғылып қалған. Бұл туралы "Диапазон" басылымы жазды.

Мәліметтерді мектеп оқушыларының бірінің анасы айтты. Бала сыныпқа жүгіріп кіріп, табалдырықтан аттаған соң шалынып қалып, тамағын партаның бұрышына соғып алған.

"Мектептегілердің бәрі бұл туралы айтып жатыр. Қызым үшінші қабатта болғанын айтты. Бәріміз шошынып қалдық. Оқушының ата-анасына көңіл айтамын, айтарға сөз таба алмай тұрмын", – деді ата-ананың бірі.


Оқи отырыңыз: "Жарылғыш зат қойылды деп хабарлаймын". Қарағандыда мектеп оқушысы сыныптасын бопсалады


Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы баланың иек аймағында сызат барын айтты. Дәрігерлер бірден оның жанын сақтап қалуға кіріскен, бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады.

"13 жастағы бала мектепте сүрініп құлап, үстелдің бұрышына соғылған. Ол ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Дәрігерлер қараған кезде ұйқы артериясында пульсация, қан қысымы жоқ, ес-түссіз болған. Ол сағат 11.25-те қайтыс болды", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".