Ақтөбе облысында мал қырылып жатыр: мамандар себебін анықтады

Ветеринарлар ірі қара малдың жағдайын бақылауда ұстайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе облысында малдың неден уланғанын анықтады, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Шілде айының басында "Санжар-Т" шаруа қожалығында малдың қырылуы тіркелген.

"Бүгін зертханалық зерттеулер шөпте алкалоидтардың жоғары құрамының бар екенін растап, малдың улану себебін анықтады. Ерекше қауіпті ауруларға жүргізілген зерттеулердің нәтижелері теріс болып шықты, жануарлар инфекциялық аурудан өлмеген", – дейді ветеринарлар.

Комитеттің мәліметінше, қазіргі кезде шаруа қожалығының басшысы ветеринариялық қызметпен бірлесе отырып, барлық қажет эпизоотияға қарсы шараларды қолға алды.

Белгіленген жоспарға сәйкес, вакцинация және диагностикалық іс-шаралар жүргізілді. Ветеринарлар ірі қара малдың жағдайын бақылауда ұстайды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".