Ақтөбе және Түркістан қаласы: Туристер қызығушылығы 40 пайызға артқан

Сондай-ақ, Алакөл, Балқаш және Зайсан курортты аймақтарына сұраныс 5 есеге жоғарылаған.

Жазғы маусымда туристерден Ақтөбе мен Түркістан қаласына сұраныс өскен. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Биыл туристердің екі қалаға деген қызығушылығы 40 пайызға артты. Сондай-ақ, Алакөл, Балқаш және Зайсан курортты аймақтарына сұраныс 5 есеге жоғарылаған. Атап айтқанда, Үшарал, Балқаш, Зайсан және Үржарға сұраныс өскен" – делінген хабарламада.

Айта кетейік, еліміздің топ-5 туристік бағытына Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау кіреді. Бес шаһар дәстүрлі түрде осы рейтингте көш бастап тұр. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".