Ақтөбеде үлескерлер 2,5 миллиард теңгеден қағылған. Іс сотқа жіберілді

Күдіктілер қамауға алынып, Ақтөбе облысының прокуратурасы тергеу жүргізді.

Ақтөбеде үлескерлер 2,5 миллиард теңгеден қағылған. Тергеуді Ақтөбе облысының прокуратурасы жүргізді, деп хабарлайды қадағалау органының баспасөз қызметі.

2019-2023 жылдар аралығында Safina тұрғын үй кешенінің басшысы және бір серіктестіктің директоры Ақтөбе қаласының 12-ші ықшам және "Алтын Орда" аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген.

Осы жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.


Оқи отырыңыз: Астанада құрылысы 13 жылға созылған тұрғын үй пайдалануға берілді


Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".