Ақтөбедегі ірі сауда орындарында шіріген картопты сатуға қойғандар даудың астында қалды

Фото: Ratеl.kz
Фото: Ratеl.kz
Жауаптылар бұл мәселе бойынша тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Ақтөбедегі ірі сауда орындарында шіріген картоп сатылып жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тұрғындар тұрақтандыру қорынан алынған арзан көкөністің сапасына жаппай сын айта бастады. Олар бүлінген картопты саудаға шығару барып тұрған бассыздық дейді. 

Бейнежазба авторы сөреге қойылған арзан картоптың жартысынан көбі шірігенін айтады. Тіпті таңдап алуға келмейді дейді. Дәл осылай видео түсіріп, желіге жүктеп жатқан тұрғындар көп. Халық жеуге жарамды көкөністің тым қымбатқа сатылып жатқанын айтып жатыр. Ал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері қордың қоймасына әкелінген өнім ғана сұрыпталып алынады. 

Ал шаруа қожалықтарының қоймаларында сақталып тұрған көкөніс тікелей ірі гипермаркеттерге жіберіледі деп ақталды. Сауда желісі өздері сұрыптап алып, жарамсызын кері қайтаруға тиіс екен.

 

Жауаптылар бұл мәселе бойынша тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қазір қорда мың тоннадан астам картоп бар. Облыс аумағында оның келісі 400 теңге шамасында. Ал тұрақтандыру қорының өнімі 116 теңгеден сатылып жатыр. 

"Кез келген дүкенге, "Анвар", "Дина" желілеріне табысталмас бұрын олар өздері қабылдап алады. Демек, ішінде шіріген картоптар болса олар оны бізге кері қайтарады. Яғни олар оны өздеріне алып қалмайды, оны саудаға сөрелерге шығармайды. Екі апта бұрын 460 килограмм көлемінде шіріген картопты шаруа қожалықтарына қайтарып бердік", – деді Ақтөбе әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз хатшысы Зульфия Набиулина.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".