Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мұндай аудандар тізімі төмендегідей:
- Қапшағай – Талдықорған жолына жеңілдікті келесі аудандарда тіркелгендер алады: Қапшағай, Кербұлақ, Көксу, Ескелді, Талдықорған;
- Тараз – Қайнар: Қордай, Шу, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Байзақ аудандарында тіркелгендер;
- Шымкент – Тараз: Сайрам, Түлкібас, Жуалы, Жамбыл аудандары;
- Шымкент – Қызылорда: Кентау, Сауран, Ордабасы, Бәйдібек, Сайрам, Жаңақорған, Шиелі аудандары;
- Шымкент – Ташкент: Төле би, Қазығұрт, Сарыағаш;
- Щучинск – Көкшетау: Бурабай, Зеренді, Щучинск;
- Нұр-Сұлтан – Павлодар: Ерейментау ауданы, Екібастұз бен Ақсу қалалары.
Оқи отырыңыз: Индустрия министрі: Әлі жөнделмеген жолдар үшін ақы талап етілмейді
23 қарашадан бастап республикалық маңызы бар жеті жол ақылы болды. Ақы республикалық маңызы бар, төрт жолақты келесі жолдар үшін алынады: Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қапшағай – Талдықорған, Тараз – Қайнар, Шымкент – Тараз, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Ташкент, Щучинск – Көкшетау.
Пікірлер