"АрселорМиттал Теміртау" меншік құқығы Қазақстанның пайдасына беріледі

Үкімет АҚ акционерлерімен алдын-ала келісім жасады.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Шахтадағы өрттің шығу себебі анықталып, жан-жақты тергеу жүргізіледі. Сонымен қатар, келтірілген шығын көлемін бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады", – делінген үкіметтің Telegram арнасындағы хабарламада. 

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, құқық қорғау органдарының, Қарағанды облысы әкімдігінің, еңбек инспекциясының, «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының өкілдері кірді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды. Бұл кезде шахтада 252 кенші болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 205 кеншіні сыртқа шығарған. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы "өрт көмір оятын жерде метан жарылған соң басталған болуы мүмкін" деген болжам таратты. Қазір қаза тапқан кеншілердің саны 21-ге жетті. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".