Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: Ұлттық музей директорының экс-орынбасары Алмаз Нұразхан қамалды

Оған халықаралық көрме ұйымдастыру кезінде 221 млн теңге бюджет қаражатын ұрлауға қатысты деген айып тағылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ҚР Ұлттық мұражайы" РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразханды ұстады, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Оған ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, "Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі" халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысты деген айып тағылып отыр.

Ол Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қазір тергеу жаүріп жатыр.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.


Оқи отырыңыз: Қазақфильм: To be or not to be


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".