Әскерден келген сарбазды аспанға оқ атып қарсы алған туыстары қамауға алынды

Оқиға Қарасай ауданында болған.

Алматы облысында әскерден келген сарбазды туыстары аспанға оқ атып қарсы алған. Осылайша жақындары отан алдындағы борышын өтеп келген жігітті құттықтаған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Полиция департаментінің мәліментіше, оқиға Қарасай ауданында болған. Сондай-ақ, атыс қаруын қолданғандарға қатысты "бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында 30 сәуір күні Қарасай ауданының Көксай ауылында оқ атқан бұзақылық әрекет фактісі анықталды. Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қарулар тиісті сараптамаға жолданды", – деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Меруерт Морякова.


Оқи отырыңыз: Ұзынкөлде өткен көбік кешінде қайтыс болған баланың ісі бойынша сот үкімі шықты


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".