Астана мен Алматыда ақылы автотұрақ мәселесі қалай шешіліп жатыр

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Алматыда автотұрақ ақысын төлеуді ұмытқандарға смс хабарлама жолданады.

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Астана және Алматыдағы ақылы автотұрақтар мәселесінде ілгерілеу барын хабарлады. Ол депутат Үнзила Шапақпен бірге екі қала әкімдігіндегі тұраққа жауапты тұлғалардың қатысуымен болған жұмыс нәтижелерін бөлісті. 

Астана қаласы:

  • 2025 жылғы жазда Астанадағы ақылы автотұрақтар әкімдіктің қарамағына толықтай өтеді. 
  • Ақылы автотұрақта тегін тұру уақыты 5 минуттан 15 минутқа дейін артады. 
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарының алдындағы автотұрақтар тегін болады. 

Алматы қаласы: 

  • Алматыда ақылы автотұрақтың ақысын төлеуді ұмытып кеткендерге алдымен смс хабарлама барады. Бұл жоба қазірдің өзінде ішінара жүзеге асырылуда, енді оны бүкіл қала аумағында іске асыру жоспарланып отыр. 
  • Енді айыппұл смс жолданғаннан кейін ақыны 24 сағат ішінде төлемегендерге ғана салынады. 
  • Ақылы автотұрақтардың ақысын төлемегендерге салынатын айыппұл сомасы 3 есе азайды. 

Оқи отырыңыз: Ақылы автотұрақ: Астаналықтардың төлегені 726 млн, ал арқалаған айыппұлы – 5,6 млрд теңге


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".