Астана мен Өзбекстанның Бұхара қаласын жалғайтын тікелей автобус рейсі іске қосылады

Сондай-ақ, Түркістаннан Самарқандқа, Бұхараға және Шахрисабзға автобус қатынайды.

Өзбекстан биыл 10 жаңа халықаралық автобус маршрутын іске қосуды жоспарлап отыр. Соның төртеуі Қазақстанның қалаларына қатынайды. Бұл туралы Өзбекстанның Транспорт министрлігі өзінің Telegram арнасында хабарлады. 

Жоба жүзеге асқан жағдайда келесі бағыттарда халықаралық автобустар қатынайды: 

  • Бұхара – Астана;
  • Бұхара – Түркістан;
  • Самарқанд – Түркістан;
  • Шахирсабз – Түркістан. 

Бұдан өзге, Өзбекстанның Транспорт министрлігі Өзбекстан қалаларын Қырғызстан, Тәжікстан астаналарымен және Ресейдің бірқатар қалаларымен байланыстыруды жоспарлап отыр. 

Еске салайық, Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары екі ел аумағында 30 күн тіркеусіз жүре алады. Бұған екі ел үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізілген хаттаманы ратификациялағаннан кейін қол жеткізілді. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары екі ел аумағында 30 күн тіркеусіз жүре алады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".