Астана тұрғыны 36 миллион теңге несие ресімдеп, алаяққа аударып жіберген

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Қазіргі таңда қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астанада тағы бір интернет-алаяқтық әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, кейінгі жылдары интернет алаяқтықтың түрлері көбейіп, зардап шеккендердің саны артып жатыр.

Елордада алаяқтық қылмысы әшкереленіп, нәтижесінде қылмыскердің көршілес Ресей еліндегі сыбайласымен бірге қылмыстық пиғылдарын жүзеге асыру үшін SIM-карта жасайтын компания ашып, бір реттік SIM-карталар шығарып, адамдарды алдағаны мәлім болды.

"Күдікті жәбірленушіге өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде айтып алдайды. Ол қала тұрғынына арнайы шот ашуға, алты түрлі банктен несие рәсімдеуге көндіреді. Сеніп қалған жәбірленуші 36 миллион теңгеге жуық кредит рәсімдеп, күдіктінің шотына жібереді. Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде интернет-алаяқтығы бойынша қылмыс жасаған 37 жастағы азамат ұсталды. Күдіктінің үйін тінту кезінде үш ұялы телефон, симбокс аппараты, арнайы ноутбук және көп мөлшерде бір реттік SIM-карталар, түбіртектер тәркіленді. Бұл құралдар қылмыскерге көп адамға хабарласуға, олардың жеке деректерін алуға және қаржылық алаяқтық жасауға мүмкіндік берді", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның тағы төрт ірі алаяқтық қылмысына қатыстылығы анықталып жатыр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".