Астанада автотұрақ ақысы қалай есептеледі

Бас қаладағы ақылы автотұрақтар тізімі жаңарды. Онда 1008 автотұрақ бар.

Ашық НҚА порталында Астана қаласындағы көлік құралдарына арналған тұрақтардың жаңа тізімінің жобасы жарияланды. Тізімде қаладағы мыңнан астам көлік қоюға арналған орын белгіленген. Бұл қаладағы коммуналдық ақылы тұрақ орындарының саны артатынын білдіреді. 

Астана әкімі қаулысының жобасына сәйкес, автотұрақтарды көбейту есебінен жергілікті бюджет кірісінің үлесін де арттыру жоспарланып отыр. Қосымша тұрақ орындарын ұйымдастыруға мемлекет қаражаты жұмсалмайды. Тұрақтар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жасақталады. 


Оқи отырыңыз: 1 ақпанда Астанада 5 пайызбен тұрғын үй несиесін алуға құжат қабылдау басталады


Астанада автотұраққа көлік қою ақысы – сағатына 100 теңгеге тең. Коммуналдық автотұрақтың бір күндік жұмыс уақыты 12 сағатқа тең (таңғы 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін). Сәйкесінше бір орын үшін түсетін бір күндік табыс 1200 теңгені құрайтын болса, бір айда орташа есеппен 36 мың теңге шамасында. 

Астанадағы автотұрақтардың жаңа тізімімен осы жерден танысуға болады. 

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 28 ақпанға дейін. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".