Астанада есірткі сатушыларға жұмыс істеген көпбалалы ана ұсталды

Әйел ұсталып, қамауға алынды.

27 жастағы Астана тұрғыны балалар арбасымен қыдырып жүрген жерінен ұсталды, деп хабарлайды елордалық Полиция департаменті.

Белгілі болғандай, әйел жай ғана қыдырып жүрген жоқ, есірткі жеткізушілер мен таратушыларға заңсыз жұмыс істейтін жарнамаларды жапсыру арқылы қосымша табыс тауып отырған.

Полицейлер бейнебақылау камерасын жас ананың күдікті әрекетін байқайды. Ол ғимараттарға, кіреберістерге, шлагбаумдарға, тіпті кондиционерлерге QR кодтары бар жапсырмаларды жапсыріп жүрді. Әйел ұсталып, қамауға алынды.

"Ол телеграм арналарының біріне тіркеліп, куратордан қала бойынша 500-ге жуық стикер жапсыру туралы тапсырма алған. Оған бұл үшін ақша төлеуге уәде етілген, бірақ әйел "икемді кесте" артында қылмыстық әрекеттің жасырылғанын білген", – делінген хабарламада.

Төрт баласы бар күдіктінің үстінен есірткіні насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".