Астанада LRT құрылысына байланысты Сығанақ көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы жабылады

Ақмешіт пен Түркістан көшелерінің арасындағы Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Астанада Сығанақ көшесіндегі қозғалыс кестесі уақытша өзгереді, деп хабарлайды City transportation systems (CTS).

LRT учаскелеріндегі жұмыстарға байланысты қалалық полиция департаментімен келісе отырып, Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы уақытша өзгереді.

Осылайша, 24 сәуір мен 30 қараша аралығында Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі аумақта Сығанақ көшесінің бойында көлік қозғалысын толығымен шектеу жоспарланып отыр. Ол жерде «Абу-Даби Плаза» бизнес орталығының ғимаратымен интеграцияланған 112-LRT станциясының құрылысына қатысты жұмыстар жүргізіледі.


Оқи отырыңыз: Астанада Сығанақ көшесіндегі қозғалыс уақытша өзгертіледі


Бұл ретте Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесі бойындағы қозғалыс ашық болады. Елорда қонақтары мен тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".