Астанада LRT құрылысына байланысты Сығанақ көшесіндегі көлік қозғалысы жартылай жабылады

Шектеулер 22 мамырдан 20 маусымға дейін күшінде болады.

Астанада LRT құрылысына байланысты Сығанақ көшесіндегі қозғалыс кестесі уақытша өзгереді, деп хабарлайды "City Transportation Systems".

LRT құрылысын жүргізу жоспарына сәйкес, Сығанақ көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгертіледі. Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша:

22 мамырдан 20 маусымға дейін Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосы көшесіне дейінгі аралығындағы қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылына қарай қозғалыс ашық болады;

24 мамырдан 20 маусымға дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік ел даңғылындағы көлік айрығына дейінгі аралығындағы қозғалыс жолақтарын тарылту арқылы ішінара шектеу енгізіледі.


Оқи отырыңыз: Астанада LRT құрылысына байланысты Қалдаяқов көшесінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі


Елорда қонақтары мен тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".