Астанада "Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі" атты кітаптың тұсаукесері өтті

Астанада атақты ақынның ұрпақтары, тарихшылар мен мәшһүртанушылар бас қосты.

Қазақ жерін отарлау туралы кітап жазғаннан кейін тұтқындалған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына биыл 165 жыл. Осы күнге орай "Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі2 атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Астанада атақты ақынның ұрпақтары, тарихшылар мен мәшһүртанушылар бас қосты. Жиында Ұлы тұлғаның қазақ тарихы мен руханиятындағы орны, жас ұрпаққа мұрасын жеткізу жолдары, тың зерттеу жүргізу мәселелері талқыланды.

Мәшһүр Жүсіп 1907 жылы шыққан "Сарыарқа кімдікі?" атты кітабында патша үкіметінің Қазақ жерін отарлауы жөнінде жазған. Қазан қаласында бұл кітапты басып шығарған баспаға 12 мың сом айыппұл салынып, 14 адам сотталған еді. Содан соң Мәшһүрді тұтқындау туралы жарлық шыққан.


Оқи отырыңыз: Оралхан Бөкей туралы "Шолпандай таң алдында туып-батты" кітабы жарық көрді.


"Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі" атты кітапты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі Абай Шарапиев жазған. Еңбекте ұлт үшін аянбаған тұлғаның өмірі мен шығармашылығы кеңінен баяндалады.

"Қазіргі кезде Мәшһүр атамыздың халық ауыз әдебиетінен жинаған тарихи мұралары насихатталып, шығармашылығын жан-жағынан зерттеліп жатыр. Бірақ атамыздың әулиелігі, батагөйлігі, емшілік қасиеттері толықтай танылып болған жоқ", – деді кітап авторы Абай Шарапаев.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".