Астанада мектеп маңынан оқушы қыздың мәйіті табылды: полиция ақпаратты растады

Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астанадағы №5 мектеп-гимназия маңында 14 жастағы қыздың мәйіті табылды. Полицейлер әлеуметтік желіде пайда болған жазбаға қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желіде мәйіт мектеп жанындағы қаңырап тұрған ғимараттан табылды деп хабарлайды. Видеода бір кездері балабақша болғаны айталған нысан көрсетілген. Басылым авторы қараусыз қалған ғимараттың қоршаумен қоршалмағанын және кез келген адам ішке емін-еркін кіре алатынын айтады.

Полиция департаменті мәйіттің табылғаны туралы ақпаратты растады.

"10 қыркүйекте қыздың өлімі туралы хабарлама келді. Мәйітті тексеру барысында көзге көрінетін дене жарақаттары анықталмады, өлімнің себебі анықталып жатыр. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", – деп хабарлады полиция департаменті.

Бұл ретте жергілікті тұрғындар бұл ғимаратта бірнеше рет түрлі оқиғалар болғанын жазып жатыр. Олардың айтуынша, бұған дейін мұнда шатыр жанып, ер адамның денесі табылған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".