Астанада тағы екі көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады

17-21 маусым аралығында Ғабдуллин көшесінің Иманов көшесінен Речный тұйығына дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылды.

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып Егемен Қазақстан және Ғабдуллин көшелерінде орташа жөндеу жұмысын бастады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 16-28 маусым күндері аралығында Егемен Қазақстан көшесінің Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

"17-21 маусым аралығында Ғабдуллин көшесінің А.Иманов көшесінен Речный тұйығына дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылды. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", – делінген ақпаратта. 


Оқи отырыңыз: Президент: Қала мен ауылдардың сәулетті әрі таза болуы басқа біреуге емес, өзімізге керек


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".