Астанада тұратын ардагерлер 5 АЕК мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек алады

Ол КСРО әскерін Ауғанстаннан шығаруының 15 жылдығына орай қолға алынып отыр.

Биыл 15 ақпанда бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығарғанына 35 жыл толады. Соған орай, Астана қаласының мәслихаты ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушыларға әлеуметтік көмек беру туралы шешім шығарды. 

"Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығаруының 35 жылдығына (2024 жылғы 15 ақпан)  орай Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушылар ішінен жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін", – делінген шешімде. 

Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Оқи отырыңыз: Ардагерлер мен зейнеткерлер санаторийге қалай тегін жолдама ала алады? Түсіндірме


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".