Астанада тұратын ҰОС ардагерлері 2023 жылы 1 млн теңгеден астам әлеуметтік көмек алады

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесіріне төленетін қаражат көлемі де артады.

Ашық НҚА порталында жарияланған Астана қаласы мәслихаты шешімінің жобасына сәйкес, 2023 жылы Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір ҰОС ардагеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне қосымша 800 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілмек.

Еске салайық, Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес, бір ардагерге 67 АЕК (231 150 теңге) мөлшерінде көмек беріледі. Сәйкесінше, қосымша әлеуметтік көмекті қосқанда әрбір ардагер 1 031 150 теңге көмек алады.

Астана қаласында мұндай 12 ҰОС ардагері бар. Былтыр Астанада әлеуметтік көмек 18 ардагерге берілген болатын. 


Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда 18 ардагер 1 млн теңгеден алады


Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесіріне де қосымша 30 мың теңге көмек беріледі. Сәйкесінше, олар 67 950 (37 950 + 30 000) теңге алады.

«Бюджеттің қосымша шығындары 9 630 000 теңгені құрайды» деп жазылған жобаның түсіндірме жазбасында.

Құжат жобасы 24 наурызға дейін жария талқыға ұсынылған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".