Астанада халықаралық волонтерлік орталық ашылады

Сондай-ақ, бас қалада халықаралық волонтерлер форумы өтеді.

20-21 маусымда Астана қаласында "Тектегі ізгілікті оят" ұранымен халықаралық волонтерлер форумы өтеді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі хабарлады.

Министрдің жазуынша, жиынға қатысуға қызығушылық танытқандардың көптігіне және волонтерлердің ұсынысына орай, өңірлік қатысушы-волонтерлерді іріктеу конкурсы өткен. Оның қорытындысына сәйкес 80 волонтер өңірлік делегат ретінде таңдалды. Алыс-жақын шет елдерден делегаттар қатысады.

"Сондай-ақ, арнайы акциялар ұйымдастыру жоспарда бар. Алдағы уақытта Астанада халықаралық волонтерлік орталық ашылатынын да атап өткіміз келеді", – деп жазды министр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".