Астанадағы спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғалары қамалды

Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Астана әкімдігінің Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғалары тергеліп жатыр. Олар бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Олар 2020-2023 жылдар аралығында республикалық, шетелдік оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы бюджет қаражатын жымқырып келген. Заңсыз қаражатты мекеме басшылығы алып отырған. Мемлекетке келтірілген шығын – 70 млн теңге", – делінген хабарламада.  

Дирекция басшылығы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге пара алғаны да анықталды. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".