Астанадағы көлік кептелісі мәселесін тез арада шешу қажет – Тоқаев

Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі
Президент Астана әкіміне қаладағы кептеліс мәселесін тез арада шешуді тапсырды.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек үкіметтің кеңейтілген отырысында ЛРТ құрылысы туралы баяндады.

"Қала бойынша күн сайын 1600-ден астам автобус жүреді. Соңғы екі жылда елорданың қоғамдық көлік паркі 45 пайызға жаңартылды. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында ЛРТ жобасы аяқталуға жақын. Жазда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. Алғашқы пойыздар қыркүйекте келеді, содан кейін белсенді тестілеу басталады", – деді Жеңіс Қасымбек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкіміне қаладағы кептелісі мәселесін тез арада шешуді тапсырды. 

"Астанада көлік кептелісі мәселесі әлі күнге дейін өзекті болып келеді. Бұл салада шұғыл шаралар мен шешімдер қабылдау қажет", – деді президент.

Айта кетейік, бүгін президенттің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста президент қала әкімі Жеңіс Қасымбектің жұмысына оң баға берді. 

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".