Асхат Аймағамбетов: "Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы" басылымы жарыққа шығады

Сондай-ақ, ғалымдар "Жаңа дереккөздерді аудару және Алтын Орданың этносаяси тарихын зерттеу" ғылыми бағдарламасын қолға алды.

Отандық тарихшы ғалымдар әзірлеп жатқан "Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы" атты академиялық басылым жарық көреді, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 

"Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты "Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы" атты көп томдық академиялық басылым дайындап жатыр. Туындының үшінші томы "Жошы Ұлысы" тақырыбына арналған. Институт осы бағытта жіті зерттеу жүргізіп, том үшін жауапты болады. Сондай-ақ, ғалымдар "Жаңа дереккөздерді аудару және Алтын Орданың этносаяси тарихын зерттеу" ғылыми бағдарламасын қолға алды. Оның мақсаты – Жошы Ұлысының этносаяси тарихын Қазақ хандығының тарихи бастамасы ретінде зерттеу", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Министрдің айтуынша, ғалымдар жүзеге асырып жатқан осы секілді бағдарламалардың саны 15-ке жетіп отыр. 

"Сарайшық қаласы – тарихымыздың символдық астанасының өте маңызды құрамдас бөлігі. Оның мәдени мұрасын, тарихын жан-жақты сақтап, зерделеуіміз қажет. Алдағы уақытта осы бағытта кешенді археологиялық зерттеулер жүргізілетін болады. Ескерткіштің материалдық және рухани мәдениетінің негізгі элементтерін қайта қалпына келтіру арқылы қуатты мемлекетіміздің тірегі ретінде ежелгі қала тарихын дәріптейтін боламыз", – деп қосты Асхат Аймағамбетов.

Сарайшықта Жошы Ұлысының бірқатар хандары, Ноғай ордасының бектері, сондай-ақ, қазақ хандығының жекелеген хандары жерленген.

Еске салсақ, Алаш зиялылары жайлы жаңа кітаптар жарық көретіні туралы хабарлаған едік. Кітаптардың ішінде QR арқылы ашылатын видео дәрістер бар.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".