Асхат Аймағамбетов: Маңғыстауда мектеп тапшылығы мәселесі бар

Министрдің сөзінше, бір жылда өңірде оқушылар саны 9,5 мың балаға артқан.
Білім және ғылым министрі Асхат аймағамбетов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барып, Жаңаөзен мен Ақтаудағы мектеп, балабақша, колледж, университет және студенттік жатақханаларды аралады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
"Өңір үшін оқушы орындарының тапшылығы мәселесі де өзекті. Оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 9,5 мың балаға артты. Сұраныс артқандықтан, облыста 24 мектеп және жұмыс істеп тұрған мектептерге қосымша тағы 11 жапсарлас құрылыс салынады. Оның үстіне облыс орталығында ғана емес, сұранысқа сәйкес Жаңаөзен қаласы мен облыстың басқа да аудандарында жаңа әрі заманауи мектептер бой көтермек", – деді Асхат Аймағамбетов.
Министр ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету кабинеттері ашылатынын, сондай-ақ, Маңғыстау облысында қосымша білім беру жүйесін дамыту, балаларға арналған жаңа секциялар мен үйірмелер ашу бойынша жұмыс жүргізілетінін айта кетті.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".