Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Ол бұған дейін агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Жұмағали ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", – делінген жарлық мәтінінде.

Ол бұрынғы атқарған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Асхат Жұмағали / Фото: gov.kz

Ол 1979 жылы Арқалық қаласында туған. Әр жылдары прокуратура органдарында түрлі лауазымдарды атқарған. Қаржы полициясы төрағасының кеңесшісі, тергеу департаментінің бастығы, Бас прокурордың аға көмекшісі, Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директоры, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының орынбасары, бюроның СҚО бойынша департамент басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, одан кейін агенттіктің сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы болды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".