Асық ату мен тоғызқұмалақ мектеп оқушыларын тәрбиелеу жоспарына енгізілді

Жоспарға сәйкес, әр оқу айында әртүрлі іс-шара ұйымдастырылады.

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдары үшін жаңа оқу жылына арналған "Тоғыз ай – тоғыз іс-шара" жоспарын ұсынды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі. 

"Тоғыз оқу айы ішінде оқушылар тоғыз түрлі іс-шараларға қатысады. Жоспарды іске асыру – биылғы наурызда оқушылар арасында өткізілген "Күй күмбірі" республикалық домбырашылар челленджінің жалғасы. Барлық іс-шаралар ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесіне бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған", –  деді Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева.

  • Қыркүйек – "Сергіту сәті";
  • Қазан – "Әнұран айту";
  • Қараша – "Асық ату";
  • Желтоқсан – "Шығарма жазу: болашаққа хат";
  • Қаңтар – "Қазақ есебі";
  • Ақпан – "Оқуға құштар мектеп";
  • Наурыз – "Домбырашылар";
  • Сәуір – "Тоғызқұмалақ, шахмат ойыны";
  • Мамыр – "Жасыл мекен".

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".