Атырау облысында балықтардың жаппай қырылуының алдын ала себебі белгілі болды

Алдын ала болжам бойынша, балықтың қырылуы судағы оттегінің жетіспеушілігінен болған.

2024 жылғы 2 қаңтарда Атырау облысының Жылыой ауданындағы "Соленое" көліне құятын арнада балықтың қырылғаны туралы ақпарат келген болатын.

Оқиға орнына келгеннен кейін арнадағы мөңке балығының өлімі анықталды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өлген балықты жинау, кейіннен жою жұмыстары ұйымдастырылды. 2024 жылдың 2 қаңтарында сағат 21:00-дегі жағдай бойынша жиналған балықтың салмағы 441 кг.

"3 қаңтарында өлген балықты жинау жұмыстары жалғасады. Балық қырылған орнынан зертханалық зерттеулер үшін балық сынамалары алынды.  Атырау облысы бойынша Экология департаментінің мамандары су сынамаларын алды. Алдын ала болжам бойынша, балықтың қырылуы судағы оттегінің жетіспеушілігінен және температураның төмендеуі кезінде арнада мұз қатуынан болған", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Атырау облысында балық қырылып жатыр


Көктемгі су тасқыны кезінде Құлсары қаласының су басуына жол бермеу мақсатында судың артық көлемі балық өлген канал арқылы «Соленый» көліне жіберілген. Бұл су айдындары Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан. Арнаның ұзындығы – 3 шақырым. Бұрын арнада балықты құтқару жұмыстары жүргізілмеген.




Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".