"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады

Өтінішті 20 ақпанға дейін беріп үлгеру керек.

Өңірлік "Атырау жастары" ипотекалық бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау 1 ақпанда басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Отбасы банкінің баспасөз қызметі. 

Бағдарламаға кімдер қатыса алады? Бұл ипотека бағдарламасына 18-35 жас (қоса алғанда) аралығындағы келесі сала мамандары қатысады:

  • денсаулық сақтау;
  • білім беру;
  • мәдениет;
  • спорт;
  • ЖОО және ғылыми-зерттеу институты;
  • журналистер;
  • әлеуметтік сала қызметкерлері;
  • коммуналдық салалар;
  • ата-ана қамқорлығынан айырылған, тұрғын үй кезегінде тұрған жастар;
  • мемлекеттік қызметкерлер.

Ескерту: техникалық және әкімшілік персонал өтініш бере алмайды. 


Оқи отырыңыз: 7-20-25 бағдарламасы аяқталуға жақын. Үкімет ұсынған жаңа ипотека шарттары қандай?


Бағдарламаның шарттары қандай?

  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Несие мөлшерлемесі – 5%;
  • Несие мерзімі – 19 жыл;
  • Атырау қаласы бойынша максималды сумма – 18 млн тенге (өңір аудандарында – 13 млн тенге);
  • Үй кезегінде болу міндетті емес, бірақ соңғы 5 жылда үміткердің және отбасы мүшелерінің атында да үй болмауы керек;
  • "Отбасы" банкінде депозитінің болуы міндетті;
  • Отбасының бір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы табыс ең төмеңгі күнкөріс деңгейінің 6,3 есесінен аспауы тиіс.

Өтініштерді қала және аудандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қабылдайды. 

Мекенжайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 101А, 3 кабинет.


Оқи отырыңыз: Жаңа ипотека: Қазақстандық отбасылардың цифрлық портреті жасалады


Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында "Атырау жастары" жаңа тұрғын үй бағдарламасының іске қосылатыны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".