Атырауда мектеп басшылығы оқушылар төбелесін жасырып келген

Соққы жеген оқушы дәрігерлер бақылауында, ал бұл оқиғағ байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Атырау қаласындағы мектептердің бірінде 11-сынып оқушысы 10-сыныпта оқитын баланы есінен танғанша ұрған. Таяқ жеген жасөспірім төбелестен кейін өзін нашар сезініп тұрса да, мектеп басшылары қылмысты жасырып қалу үшін жедел жәрдем шақыртпай қойыпты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мектеп директоры білім ұясындағы әлімжеттік туралы бастапқыда білім бөліміне де хабар бермей, жасырып келген. Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ал әлімжеттік құрбаны болған жеткіншек дәрігерлердің бақылауында.

"Мұғалімдер төбелесті көруп, балалармен сөйлескен. Арасында медбике де болған. Бірақ жедел жәрдем шақырылмаған", – деді Атырау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Аманбай Хұсынов.


Оқи отырыңыз: "Жартылай кітапхана, жартылай мұражай". Қазақ мектебінің ұлттық моделі қандай болуы тиіс?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".