Атырауда тасқыннан зардап шеккен шаруаларға өтемақы төлеу бойынша комиссия құрылды

қазіргі уақытта 4787 га егілген егін алқабының 85 га су астында қалған.

Атырау облысы ауылшаруашылығы басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Азат Қапановтың айтуынша, қазіргі уақытта 4787 га егілген егін алқабының 85 га су астында қалған, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

"Облыс бойынша биыл 10 825 га егін егу жоспарланды. Тасқын аумақтарында орналасқан алқаптардың  85 га егілген егін су астында қалып отыр. Сонымен бірге, көктемгі дала жұмысын жүргізуге арнайы дайындалған жердің 4000 га су басты. Ауылшаруашылығы министрлігі зардап шеккен өңірлерге өтемақы төлеу жөнінде қағида жариялаған болатын. Осыған байланысты, шаруашылығы тасқыннан зардап шеккен аудандарда комиссия құрылуда. Өтініштер қабылданып, шығын өтелетін болады. Атырау қаласы аумағында тасқыннан зардап шеккен шаруашылық нысандарының қатарында алма бақтар, егістік алқаптары бар", – деді Атырау облысы ауылшаруашылығы басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Азат Қапанов.

Тасқын судан Қызылқоға, Жылыой, Махамбет, Индер аудандарында және Атырау қаласындағы шаруа қожалықтарының бірқатары зардап шекті. Атырау облысы бойынша 500 га астам егін алқабы қауіпті аймақта тұр, ол аумақтар қоршалып, бөгет орнатылған.


Оқи отырыңыз: 55 жылда 99% азайған. Мәжіліс спорттық жылқылардың қазақы тұқымын сақтау туралы заңды мақұлдады


Бір ғана Махамбет ауданында тасқын қауіпі бар аймақтарда егін шаруашылығымен айналысатын 7 шаруашылық, мал шаруашылығымен айналысатын 19 шаруа қожалығы бар.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".