Ауа райының қолайсыздығынан Астана жолдарында бір тәулікте 250-ден астам жол-көлік оқиғасы болды

Астана қаласының Полиция департаменті көлік жүргізушілерін елді мекендерден шықпауға шақырады.

Астанада соңғы тәулікте 250-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Елордада бір күнде мұндай жол-көлік оқиғасы бұрын соңды болмаған. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Құрметті азаматтар, ауа райының нашарлауына байланысты (республика аумағында бұрқасын,қатты жел, боран, жаңбыр жауып, көрінудің шектелуі) бірқатар облыстарда көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді. Сонымен қатар, ауа райы жағдайына байланысты 8 ақпаннан бастап барлық қызметтер жергілікті табиғи жағдайға байланысты күшейтілген нұсқаға көшті. 8 ақпанда бір тәулік ішінде 250-ден астам жол көлік апаты тіркелді", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Сovid-19 қайтып келе ме? Қазақстандықтарға қоғамдық орындарда тағы да бетперде кию ұсынылады


Полиция департаменті қолайсыз ауа райы жағдайында жүргізушілерді елді мекендерден шықпауға және қала сыртына шығудан бас тартуға шақырады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".