Ауылда 25 жыл тұрғандардың зейнетақысы өсе ме? Олжас Бектенов жауап берді

Мұндай ұсынысты Мәжілістегі "Ауыл" фракциясының депутаттары көтерген болатын.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәжіліс депутаттары, "Ауыл" партиясының өкілдерінің ауыл тұрғындарының зейнетақысын көбейту мәселесін пысықтау жөніндегі сауалына жауап берді. Депутаттар ауылда тұратын және кемі 25 жыл ауылда жұмыс істеген зейнеткерлердің зейнетақысын арттыруды сұраған болатын. 

Олжас Бектеновтың жауабынша, Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз ету Әлеуметтік кодекске сәйкес жүзеге асырылады. Сәйкесінше, зейнетақы үш бөліктен тұрады және әрбір азаматтың еңбек өтіліне негізделген. Еңбек өтілі неғұрлым көп болса, зейнетақы мөлшері соғұрлым жоғары болады. Осылайша, зейнетақы төлемдерінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі мен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге тікелей байланысты. 

"Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін анықтау кезінде азаматтардың тұрғылықты жері, қызмет түрі тағы басқа критерийлері ескерілмейді. Бұл ұстаным конституциялық нормалар мен халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді", – делінген премьер-министрдің жауабында. 


Оқи отырыңыз: 2025 жылы Қазақстанда зейнетақы 8,5 пайызға өседі


Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің айтуынша, бүгінгі таңда қала мен ауыл арасындағы тұрмыс деңгейіндегі алшақтық әлі де зор. Қалаларға негізінен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар адамдар ұмтылады, бұл ауылдардың депопуляциясы мен деградациясына әсерін тигізеді және мұның жалпы мемлекет үшін экономикалық және әлеуметтік салдары бар.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".