Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады?

Smart Bridge сервисі іске қосылғалы бері қазақстандықтар 2 миллионнан астам көліктің тарихын тексерген.

Ішкі істер министрлігі пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керектігін ескертеді, деп жазды Polisia.kz.

Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Онда:

  • автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күні;
  • бұрынғы иелерінің саны;
  • кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сонымен қатар басқа да мәліметтер қолжетімді. 

Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис "102" және Halyk Bank, Bereke Bank, CenterCredit, ForteBank мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында да бар.


Оқи отырыңыз: Автокөлік салоны қосымша құрылғы сатып алуға міндеттесе не істеу керек? Заңгер кеңесі


ІІМ автокөлік тарихына "бірыңғай сақтандыру деректер базасын" қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, сервис іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар 2 миллионнан астам көлік тарихын тексерген.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".