Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқышының" жоғалған беттері табылды

Парақтар Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан табылған.

Мұратанушы Әділет Ахметұлы "Егемен Қазақстан" басылымында жарияланған мақаласында Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқыш" еңбегінің жоғалған беттері табылғанын хабарлады. 

Бұған дейін зерттеушілер бұл еңбектің толық емес нұсқасын оқып келген еді. 

"Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет таныт­қышының" соңғы беттері табылды. Жәдігер мұраның соңғы беттері жыртылмаған нұсқа­сы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітап­ханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында болып шықты. Бұған дейін алаштанушы ғалымдар, олардың ізін басқан жастар сан рет шиырлаған қазыналы қордан арнайы іздегенде табылмай, кездейсоқ ұшырасып қалғанына өзіміз де таңбыз", – деп жазды ғалым. 

"Әдебиет танытқыштың" табылған парақтары

Оның сөзінше, жоғалған парақтар саны екеумен шектеледі. Ахмет Байтұрсынұлы осы екі парақта "Айтыс-тартысқа" жататын бес атауды қысқаша ғана таныстырған. 

Бүгінде бұл нұсқа Қазақстанның ұлттық электронды кітапхана сайтына жүктелген. 


Оқи отырыңыз: Ахмет Байтұрсынұлы: Ғамалыңды түзет. Ретроспективалық сұхбат


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".