Азиада-2023: астаналық спортшы екі дүркін қола жүлдегер атанды

Астана қаласының спортшысы Әділбек Мусин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында жүзуден екінші медальды қанжығасына байлады.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Әділбек Мусин 50 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен суға жүзуден 23,44 секунд уақыт көрсеткішін көрсетіп, үшінші орын иеленді.

Су спорты федерациясының президенті Андрей Крюков Ханчжоуда өткен Азия ойындарында сәтті өнер көрсете білген Әділбек Мусинді құттықтады.

"Алтын медальға кішкене ғана жетпей қалды. Ештеңе етпейді, жұмыс істейтін боламыз. Әділбек күн өткен сайын көрсеткішін жақсартып, соған сәйкес нәтижесі де дәйекті түрде жақсарып келеді. Командамыз жас және резерв тарапынан жақсы потенциал барын байқап отырмыз, – деді ол.

Ол кеше ғана 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 51.98 уақыт көрсеткішімен үшінші болып келді.


Оқи отырыңыз: Тағы екі алтын: Зухра Ирназарова және Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы Азиада чемпионы атанды.


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".