Азия ойындарының төрт дүркін қола жүлдегері Әділбек Мусин елге оралды

Ханчжоуда өтіп жатқан жарыстың төртінші күні суға жүзуден жерлесіміз Әділбек Мусин екі бірдей қола жүлде алды.

Астанадағы "Нұрлы жол" теміржол вокзалына Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Азия ойындарында су спорты түрлерінен еліміздің намысын қорғаған Астана қаласының спортшылары Әділбек Мусин мен Арсен Қожахметовті туыстары, достары және спорт саласының мамандары сән салтанатпен қарсы алды. Бұл туралы астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ханчжоуда өтіп жатқан жарыстың төртінші күні суға жүзуден жерлесіміз Әділбек Мусин екі бірдей қола жүлде алды. Елордалық спортшы 100 метрге, 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік үштіктер қатарынан көрінді. Айта кетелік, бұл Әділбектің жетік меңгерген қашықтығы саналады.

"Біз әр жарысқа үлкен еңбекпен келеміз. Алдағы уақытта алтынға күш саламын. Мені қолдаған Қазақ еліне алғысым шексіз. Өзімнің бапкерлеріме ризашылығым шексіз. Алдағы жоспарым – біраз уақыт тынығып, ары қарай қарқынды жұмыс істеу", - дейді Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Әділбек Мусин.


Оқи отырыңыз: Төртінші алтын медаль: Қазақстанның ерлер командасы байдарка мен каноэ есуден алтын алды.


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".