Азияның үш дүркін чемпионы Азамат Дәулетбеков Wrestling Stars дәстүрлі турниріне қатысады

Балуан 86 келі салмақта белдеседі. Оның қарсыласы әлі белгісіз.

29 қарашада Астанада өтетін күрестен Wrestling Stars дәстүрлі турниріне қатысатын тағы бір балуан белгілі болды, деп хабарлады Sportbugin.kz.

Елорда бозкілеміне еркін күрестен 3 дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионаттарының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков шығады.

86 келі салмақта белдесетін балуанның қарсыласы жақын арада белгілі болады.

Еске салайық, дүбірлі додаға еркін және грек-рим күресінен әлемдік спорттағы танымал балуандар қатысады. Олардың қатарында даңқты италиялық балуан Франк Чамисо да бар.

Wrestling Stars турнирі 29 қарашада Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде өтеді.


Оқи отырыңыз: "Қазақстан барысы" турнирі жеңімпазының жүлдесі бірден 10 миллион теңгеге азайды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".