Азық-түлік тауарлары 1,4 пайызға қымбаттаған. Ең жоғары баға – Ұлытау облысында

Жылдық мәндегі инфляция деңгейі 15,9 пайызды құрады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда азық-түлік тауарларының бағасы 16,5 пайызға өскен. Биыл мамырда жылдық мәнде инфляция деңгейі 15,9 пайызды құрады. 

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Ұлытау облысында байқалып отыр. Баға 1,4 пайызға өскен. 

"Қырыққабат 23,8, пияз 9,9, жүзім 9,6, сәбіз 8,6 , алма 5,3 , картоп 4 пайызға қымбаттаған. Сондай-ақ, баға өсімі бойынша күріш – 2,5, салқындатылған сусын – 1,9 , сүт – 1,8, шай – 1,6 пайызға қымбаттаған. Ал қияр 39,6, қызанақ 23,7, тәтті бұрыш 7,6 , қарақұмық жармасы 4, банан 3,8 пайызға арзандаған" – делінген хабарламада.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".