Балабақшалар 2023 жылдан бастап білім беру сапасын өздері бағалай алады

Қазіргі таңда Балаларды ерте дамыту институты педагогикалық процесті бағалауға арналған өлшемдерді сынақтан өткізіп жатыр.

Балабақшалар білім сапасын өздері бағалай алады, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігінің "Балаларды ерте дамыту институты" РММ директоры Манара Адамова.

"Балабақшалар аттестациядан өткенде, олардың стандартты орындауы, үлгілік оқыту бағдарламасын игеруі, оның сапасы, балабақшадағы орын мен топ саны сияқты өлшемшарттар қаралады. Алайда "баланың қоршаған ортасы дамытушы ортаның талаптарына сәйкес келе ме?", "Педагог пен баланың қарым-қатынасы қалай болады?" деген сауалдарға жауап бере алмаймыз. Шын мәнінде, педагогикалық және тәрбие процесі қалай жүріп жатқанын өлшейтін өлшемшарттар, өкінішке қарай, жоқ", – деді Манара Адамова.


Оқи отырыңыз:


Сондықтан институт қазір нақты педагогикалық процесті бағалауға байланысты өлшемшарттарды сынақтан өткізіп жатыр. 2023 жылдан бастап ол барлық балабақшаға өзін-өзі бағалау құралы ретінде ұсынылады.

"Балабақшалар өздерінің мүмкіндігін, кемшін тұстарын – бәрін осы критерийлер арқылы бағалап, жұмысын жетілдіруді жоспарлай алады", – деді институт директоры.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".