Балалар әдебиетіне арналған Jas qalam республикалық байқауы басталды

Жүлде қоры әр жанр бойынша – 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін.

Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы балалар әдебиетіне арналған Jas qalam республикалық конкурсын ұйымдастырып жатыр. 

Ұсынылған шығармалар кітап болып жарық көреді. Сонымен қатар жеңімпаздарға қаржылай сыйақы қарастырылған.

Байқауға шығармалар проза, поэзия, драматургия жанры бойынша қабылданады.

Жүлде қоры әр жанр бойынша:

  • І орын: 1 млн теңге
  • ІІ орын: 800 мың теңге
  • ІІІ орын: 500 мың теңге

Шығармалардың рәсімделуіне қойылатын талаптар:

  • Проза: 10 беттен кем емес, пішіні: 14,Times New Roman қарпімен, 1 интервал.
  • Поэзия: 10 шумақтан кем емес, пішіні: 14,Times New Roman қарпімен, 1 интервал.
  • Драматургия: 15 беттен кем емес, пішіні: 14,Times New Roman қарпімен, 1 интервал.

Оқи отырыңыз: Театртанушы Мәншүк Тәшімова: Балалар әдебиетіне бойлай алатын драматургтер аз


Байқауға қолынан жазу келетін, 18-35 жастағы Қазақстанда тұратын кез-келген қаламгер қатыса алады. Әр қатысушыдан тек бір ғана аталым бойынша шығарма қабылданады.

Толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".