Балаларды интернеттегі қауіптен қалай қорғауға болады? Полиция кеңесі

Ата-ана кәмелетке толмаған баланың интернеттегі қызығушылықтарын мүмкіндігінше бақылап отыру керек.

Ішкі істер министрлігі баланы экранның арғы жағындағы ниеті түзу емес адамдардан қорғауға көмектесетін интернеттегі қауіпсіздіктің қарапайым ережелерімен бөлісті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің әзірлеген ұсыныстары:

  • ата-ана кәмелетке толмаған баланың интернеттегі қызығушылықтарына мүмкіндігінше бақылап отыру керек.
  • Жеке деректеріңізді бөгде адамдарға айтуға болмайды.
  • Таныс емес тұлғалардан түсетін достықты қабылдамау керек және олардың нұсқауларын орындауға болмайды.
  • Балаларға ешбір жағдайда желінің басқа пайдаланушыларына өздерінің дербес деректерін, яғни аты-жөнін, тегін, туған күнін, тұрғылықты мекенжайын, оқу орнын, телефонын, фотосуреттерін және т.б. ақпаратты айтуға болмайтынын түсіндіру қажет.

"Әлеуметтік желі қолданушылары сенімге кіру үшін ойдан шығарылған деректерді, соның ішінде басқа адамдардың немесе тіпті балалардың фотосуреттерін пайдаланатын кездер болады. Осыған байланысты белгісіз адамдардан достықты қабылдамау және олардың бұйрықтары мен нұсқауларын орындамау ұсынылады. Ең дұрысы –  сұхбаттасып жатқан адамның парақшасын бұғаттау. Интернет қолданушылар тарапынан түскен қауіптерінен қорықпаңыз. Қашықтан қол жеткізу бағдарламаларды орнатпаңыp", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Бала үшке толғанша анасы қасында болуы керек". Декрет демалысын ерте үзу неге дұрыс емес?


  • Интернет-пайдаланушылар қоқан-лоққы көрсетсе:
  • Олар сізге де, жақындарыңызға да ештеңе істей алмайды.
  • Олар әдетте балаларды бақылауға алу үшін қорқытады.
  • Бірінші қауіп төнген кезде балалар бұл туралы ата-анасына, әпке-бауырларына, мұғаліміне және т.б дереу ұялмай, айту керек.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".