Балалардың жазғы демалысы: Ұлытау облысында бірде-бір қала сыртындағы лагерь жоқ

Сонымен қатар Астана мен Шымкент қаласындағы, Маңғыстау облысында қала сыртындағы лагерь саны аз.

Жазғы демалыс және сауықтырумен 1-10 сыныптар аралығындағы балардың 85,3 пайызы қамтылады. Бұл – 2,8 млн бала. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасы балалары бар, деп мәлімдеді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда лагерлерде балаларды қабылдауға дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.

"Каникулды асыға күткен балаларымызға қала сыртындағы 218 (118 мемлекеттік, 100 жеке), және 10,2 мың мектеп жанындағы, профильдік және шатырлы лагерьлер есігін айқара ашады", – деді министр.

Бұл ретте 5 өңірде көп лагерь ұйымдастырылады. Олар: Алматы қаласы, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында – 19, Алматы облысында – 18, Түркістан облысында – 16 лагерб бар. Ал келесі өңірлерде қала сыртындағы лагерь саны аз: Астана қаласында – 2, Маңғыстау облысында – 3, Шымкент қаласында – 3. Ал Ұлытау облысында мүлде жоқ. 


Оқи отырыңыз: Астана мен Алматы. Биыл балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылады?


"Бұдан бөлек, оқушыларға дәстүрлер мен мәдени құндылықтармен танысуға мүмкіндік беретін "Этноауыл", "Жаздық жолдама" жобаларын іске асыру, жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептері жұмысы көзделген", – деді министр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".